$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.05.2020, 09:43
Оқиғалар

Боди-массажға барамын деп жұмыстан қуылған алматылық полицей өз «шындығын» айтты

Ол өзін видеоға түсіріп, оны әлеуметтік желілерде таратқандарды соттатпақшы

Боди-массажға барамын деп жұмыстан қуылған алматылық полицей өз «шындығын» айтты

Эротикалық массаж салонына барып, артынан жұмыстан қуылған алматылық полицей өзін кінәлі деп санамайды. Айтуынша, бәзбіреулер бұл оқиғаны қасақана ұйымдастырған.

Есте болса, боди-массаж жасатуға келіп, қызды зорламақ болған полицей туралы видеоролик әлеуметтік желілерде осыдан бірнеше күн бұрын пайда болған еді. Кадрларда жартылай жалаңаш екі ер адам полицейді алдымен тергеуге алып, артынша күш көрсетеді де, қалтасындағы қызметтік куәлігін тартып алады. «Астана» телеарнасының хабарлауынша, бұл оқиға 2 ай бұрын болған екен. Полицей жұмыстан қуылса, массаж салоны карантинге жабылған.

Өзінің ешқандай жазығы жоғын айтқан экс-полицей енді адвокат жалдап, ар-намысын қорғамақшы және бұрынғы жұмысына қайта оралуға ниетті. Айтуынша, салонға ол қарапайым массаж жасатуға келген көрінеді, ал персонал оған интимдік қызмет ұсынған кезде, дереу бас тартып, ақшасын қайтаруды талап еткен.

«Олар видеоға түсірген кезде: «егер біреуді салонға шақырып, тексеру жүргізетін болсаң, біз сені қыз зорлады деп айтамыз, қыздың денесін көгерте саламыз, сен жауаптан құтыла алмайсың» деген. Бұл қасақана ұйымдастырылған іс», - дейді экс-полицейдің адвокаты Рүстем Гаитов.

Бірақ қызығы сол, видеоролик интернетте пайда болмастан бұрын, аталған массаж салонына полиция тарапынан тексеру келіп, оны карантинге жауып тастаған. Ал жұмысшыларын 15 тәулікке қамапты.

«Бұл салон карантин режимін бұзғаны үшін бір емес, екі рет әкімшілік жауапқа тартылып отыр. Соған қарамастан, неге олар әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып келеді? Демек, артындағы тіреуі мықты болып тұр ғой», - деді адвокат.

Массаж жасаушылар бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылса, экс-полицейдің арызынан кейін олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Егер қылмыс дәлелденсе олар 4 жылға сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары