«Сіздерді күлкіге қарық қылдым»: Жұманғарин шегірткеге толы жазды есіне алды

Автор: Azattyq Rýhy

Вице-премьер қазір аймақтағы астық элевторларында кезек бар дейді

Фото: istockphoto.com

Бүгін үкімет отырысынан кейін өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин егін егу, оны ору науқанына баға беріп, қазір астық элеавторларындағы кезек туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-премьер қазір элеваторларда кезек бар дейді. Жалпы, оның айтуынша, биыл егін егу маусымы, соның ішінде, жаз мезгілі қиын болған. Бірақ, ол ауыл шаруашылығы министрлігі қатесіз жұмыс істегеніне сенім білдірді.

«Қазір элеваторлар толып қалған, кезек көп дегенді естіп жатырмын. Иә кезек бар. Оны өзім көрдім. Биыл жаз қиын болды. Жаз бойы шегірткемен күрестік,  оған қатысты сөзіммен сіздерді де күлкіге қарық қылдырдым. Бірақ, АШМ қате жіберген жоқ. Олар тыңғылықты жұмыс істей отырып, егін алқаптарын толық жинады», - дейді Жұманғарин.

Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Қазақстанның біраз өңірінде шегіртке қаптаған еді. 5 маусым күні үкімет отырысынан кейін журналистердің шегіртке күресіне қарсы күрес туралы сұрағына жауап берген Серік Жұманғарин шегірткені халал жәндік деп, сынның астына қалған.