Полиция Ақмола облысында көршісінен оңбай таяқ жеген әйелге қатысты пікір берді

Автор: Темірхан Айжан

Қазір тек бір бап бойынша тергеу жүріп жатыр 

Фото: @nemolchikz_official

Ақмола облысында көршісінен таяқ жеп, басы жарылған әйелге қатысты полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қосшы қаласының полиция бөлімі тұрғын үйге заңсыз басып кіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Жәбірленуші емделгеннен кейін денсаулыққа тиген зиянның ауырлығын айқындау мақсатында қажетті сот сараптамалары кешені тағайындалады. Күдікті адамға қатысты қажетті дәлелдемелерді жинауға және бекітуге бағытталған тергеу іс-қимылдарының кешенін жүргізу жоспарлануда», - деп хабарлады полициядан.

Еске салсақ, 14 қазанда Ақмола облысында бұрын сотты болған ер адам қолына пышақ ұстап, көрші әйелдің үйіне ұрланып барып, оны ұрып-соққан. Салдарынан әйел ауруханаға түсті. Зорлық-зомбылық құрбанын полициядан бұрын жеткен күйеуі құтқарып қалған.