Семейде жеті жасар баланы көлік қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды

Фото: Абай облыстық ПД

Семей қаласында Селевин көшесінде 7 жасар баланы жолдан жүгіріп өткен кезде көлік қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Абырой болғанда, бала тек жеңіл жарақаттармен аман қалды.

Жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші жаяу жүргіншіге жол бермегені үшін жауапқа тартылды.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға және сақ болуға шақырды.