Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, оған дәрігерлер көмекке келген
Ақтөбе қаласында қылмыстық іске тіркелген құжаттарын кері талап еткен әйел полиция департаментінің алдына келіп, шу шығарған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлағандай, оған полиция дәрігер шақырып, жағдайды түсіндірген.
«Есірткі сатты деген күдікке ілінген бұл әйел қылмыстық іске тіркелген құжаттарын кері талап етті. оған медициналық көмек көрсетіп, жағдайды түсіндірдік», - деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.