Полицейлер қауіпсіздік белдігін тақпаудың өзі апат жағдайында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді
Ақтау қаласының полиция департаментінің қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді жауапқа тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Қауіпсіздік белдігін тақпай және маневр жасау барысында ереже талаптарын сақтамаған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593 және 595-баптары бойынша хаттамалар толтырылды.
Жол инспекторларының айтуынша, мұндай әрекеттер жүргізушілер мен жолаушылардың өміріне қауіп төндіреді. Қауіпсіздік белдігін тақпаудың өзі апат жағдайында ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды ескертіп, мұндай рейдтердің алдағы уақытта да жалғаса беретінін жеткізді.