Өрттен зардап шеккендер жоқ
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, бес адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖМ мәліметінше, өртАлматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 1-қабаттағы пәтерде тұтанған.
ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялап, 1 кейуана мен 2 баланы құтқару қалпақтары арқылы құтқарған.
«Тәжірибелі өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, оны 8 шаршы метр алаңда жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.