Контрабанда: Қазақстаннан 10 вагон мұнай ұрлап бара жатқандар ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ішкі істер министрлігі контрабанда қай елге қарай бара жатқанын нақтылаған жоқ

видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігі Қазақстанға жақын бір елге қарай бағыт алған 10 вагоннан құны 120 млн теңге болатын 750 тонна мұнай тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz мәліметіне сүйенсек, вагондар іргелес бір елге жөнелтілмек болған. Бірақ, нақты қай мемлекет екені нақтыланбаған.

«Мұнай өнімдерін рұқсат құжатсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кешенді жедел-тергеу өтіп жатыр», - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.