Қарағанды облысындағы алапат өрт ауыздықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Енді өрт басқа жаққа таралмайды 

видеодан скриншот

Бірнеше күннен бері Қарағанды облысында сөнбей жатқан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар министрлігінің соңғы мәліметі бойынша, облыстағы өрттің аумағы 35 мың гектарға жеткен.

«Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қазір Қарағанды облысында жүр. Қызыл жалынға жақын орналасқан Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі  елді мекендеріне қауіп төнбеген», - деп хабарлады ТЖМ.