Банк карталарының мәліметін ұрлап, DarkNet пен Telegram-да сатқан Қостанай тұрғыны ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Ішкі істер министрлігі оның сотталғанын хабарлады

видеодан скриншот

Қостанай тұрғыны қазақстандықтардың банк карталары туралы мәліметті ұрлап, оны DarkNet пен Telegram арқылы қайта сатқан. Бұл туралы ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, осы алаяқ әрекеті арқылы ол 1,5 млн теңге табыс тапқан. Ішкі істер министрлігі оны үйінен ұстап, қамауға алған. Ісі сотта қаралған азамат қазір қамауда отыр.

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Шымкент тұрғыны науқас балалардың еміне ақша жинайтын Instagram парақшалардың көшірмесін жасап, сол арқылы халықтан 32 млн теңге жинап алған. Қанат Нұрмағамбетов оның да ұсталып, сотталғанын хабарлап отыр.

Сонымен қатар, сәуір айында Украинаның Одесса және Запорожье қалаларында өткен халықаралық арнайы операция барысында алаяқтықпен айналысқан бес call-орталық жойылды. Қаскүнемдер Қазақстан азаматтарын алдаған.