Полиция бұл ақпаратты растады
Желіде Алматы облысы Боралдай ауылында бір әйел мүгедек баласын өлімші етіп сабаған деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына ққамалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүріп жатыр», - деп жауап берді полициядан.