Алматы облысының Үлкен Ақсу ауылындағы карантин тоқтады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлім етті

Фото: depositphotos.com

Алматы облысы Үлкен Ақсу ауылында қарасанға байланысты жарияланған карантин тоқтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап берген Ермек Кенжеханұлы мәлім етті, деп хабарлайды

«Осы аптаның басында Үлкен Ақсу ауылындағы қарасанға байланысты жарияланған карантин тоқтады. Нақты неше малдан ауру табылғанын кейін анықтап айтып берейін», - деді бүгін ол сенат кулуарында.

Естеріңізге сала кетейік, осы ауылда ауру мал сойған 11 адамнан күйдіргі дерті анықталған еді.