Ол 15 мың сайт бұғатталғанын айтты
Бас прокурор Берік Асылов балалар арасындағы суицид мәселесіне қатысты пікір білдірді,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиянды сайт пен сілтемені бұғаттады», - дейді
Сондай-ақ, ол қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеп жатқанын айтты.
«Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешенін әзірлейміз», - дейді ол.