«Аспаннан картоп жауды ма?»: Астана маңындағы тау-төбе тамақты халық үйіне әкетіп жатыр (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл – Астанадан жүз шақырым жерде орналасқан аудандағы жағдай

Фото: видеодан скриншот

Қарағанды облысы Нұра ауданы Шахтер ауылында тонналап төгілген картопты халық жинап, үйлеріне тасып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл жол Қабанбай ауылына баратын жерді кесіп өтеді. Тұрғындар жыл сайын осы жерде тонна-тонна картоп жатады дейді. 

«Тегін картоп алыңыздар. Бірақ, еккен кісінің ақысын да ескеріңіздер. Маңдай тер, адал еңбек қой. Көрші ауыл ғой, жылда теріп аламыз. Үлкендерң бітіп, кішкентайлары қалған. Маңғыстау жаққа жіберіңдер, бізде картоп аз. Аспаннан жауған картоп па бұл?», - деп жазған желі қолдаунышылары.