Қостанайда курсанттар ант берген
Қостанай қаласының орталық алаңында Қазақстан Республикасы Іішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының бірінші курс курсанттар Ант қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс-шараға мәжіліс депутаттары, атқарушы билік өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, Академияның ардагерлері және басқа да ресми тұлғалар қатысты.
Салтанатты іс-шара жас тәртіп сақшыларының бірлігі мен күш-қуатының символына айналған салтанатты шерумен жалғасқан.
Курсанттар ант қабылдаған соң ата-аналар сапта тұрған балаларына келіп, құшақтап, сағыныштарын басқан. Алайда, командирдің «еркін тұр» деген бұйрығы берілмейінше, олар орындарынан қозғалмаған.
«Анасы құшақтағанда еркін тұруға рұқсат беруге болмай ма екен? Туыстарымен көрісіп, сағыныштарын баспай ма? Ана мен баланың жүрегін елжіретпей, бір уақытқа босатпай ма, басқа уақытта да тәртіпке салуға болады ғой», - деп жазған желі қолданушылары.