Көлігінен «мефедрон» табылған Астана тұрғыны Грузияға қашып кеткен

Автор: Azattyq Rýhy

Оны ішкі істер министрі Қазақстанға экстрадициялады

видеодан скриншот

Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі аса ірі көлемде синтетикалық есірткі сақтап, оны тасымалдады деген күдіктіні Грузиядан Қазақстанға экстрадициялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2023 жылы маусымда жол полициясы Астана қаласында күдіктінің көлігін тоқтатып, көлік ішінен жалпы салмағы 18,96 грамм болатын 15 «мефедрон» орамын тапқан. Сот тергеу уақытында оны қоғамнан оқшауламаған және қамамаған. Осыны пайдаланған күдікті қашып кетіп, оған іздеу жарияланған еді», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Күдікті биыл қаңтар айында Грузияда жүрген жерінде ұсталған.

«Күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды», - деп жазады Бас прокуратура.