Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Таразда косметикалық өнімдерді сататын дүкендердің бірінің иесінен 57 500 теңге сомасында ұрлық болғаны туралы полицияға өтініш түсті, деп хабалайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлерімен ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды.
Ол кремдер мен парфюмерия өнімдерін ұрлаған.
Ұсталған адам кінәсін мойындады, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.