Өрт болған үйден құтқарушылар үш баллонды алып шыққан
ШҚО Ұлан ауылындағы үйлердің бірінен өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy YK-news.kz-ке сілтеме жасап.
ШҚО ТЖД мәліметінше, елді мекенде үй өртенген. Өрттің жалпы аумағы 110 шаршы метрді құраған.
«1975 жылы туған ер адам оқиғадан кейін медициналық мекемеге жүгінді», — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Алдын ала өрттің шығу себебі — газ баллонын қолдану барысында ашық отты пайдалану. Айта кетейік, өрт болған үйден құтқарушылар үш баллонды алып шыққан.