Ақтөбе тұрғыны ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатпақ болған

Автор: Azattyq Rýhy

Прокурорлар оған қатысты қылмыстық іс қозғатты

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының прокуратурасы әлеуметтік желі арқылы ішкі ағзасын 9 млн теңгеге сатқысы келген азаматты анықтап, оны қолға түсірді, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy

Дереккөзге сүйенсек, «Е» есімді азамат әлеуметтік желіге хабарландыру беріп, ағзасының бірін 9 млн теңгеге бағалаған.

«25 қыркүйек күні прокурорлар Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен бірге ол адамды қолға түсірді. Қылмыстық кодекстің 116 бабы бойынша тергеу басталды», - деп хабарлайды прокуратура.