Үндістанда діни рәсім орындау үшін өзенге түскен 46 адам қаза тапты

Автор: Темірхан Айжан

Адамдар өзеннің қауіпті екеніне қарамаған 

Фото: Santosh Kumar/ HT

Үндістанда діни рәсім кезінде 46 адам суға батып кетті, оның ішінде 37 бала, 7 әйел болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Reuters-ке сілтеме жасай отырып.

Үндістанның солтүстігінде миллиондаған әйел – Дживитпутрика Врат атты мерекені атап өтеді. Діни рәсім кезінде олар ораза ұстап, балаларының амандығын тілеп, өзенге шомылады. Кейде шамылуға балаларын да алып барады.

Биыл Үндістанда жауын-шашын шамадан көп жауып, өзендер мен тоғандар суға толған. Билік қаза тапқандардың отбасына 400 мың рупиден беретін болды.