26.09.2024, 02:00
Оқиғалар
Ақтөбеде браконьерлікпен айналысқан шопандар анықталды
Олардан 320 дана ақбөкен мүйізі табылды
Видеодан алынған кадр
Ақтөбе облысының полицейлері шопандардан 300-ден астам ақбөкен мүйізі мен қару тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Қосбармақ» қыстауында «Қарасора» операциясы барысында шаруа қожалығын тінту кезінде 5 қапшыққа салынған 320 дана ақбөкен мүйізі табылды.
Сондай-ақ тіркелмеген екі аңшы мылтығы тәркіленді.
Күдіктілер мүйіздерді сатып алушыларға сатпақ болған.
Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды