Әйел сол жерде жан тапсырған
Қайғылы оқиға 19 қыркүйек сағат таңғы 6.15-те Пугачев көшесінде болды. ВАЗ-21703 көлігін тізгіндеген жүргізуші рұқсат жоқ жерден жүгіріп өткен әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy МойГород онлайн басылымына сілтеме жасай отырып.
Әйел ауыр соққыны көтере алмай, ауруханада көз жұмды. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Ішкі істер органдарындағы қызметінен босатылды.