Видео қазір мектеп чаттарында аралап жүр
Астанадағы LRT құрылысына асылып тұрған ер адамның видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қорқынышты видео қазір қаладағы мектеп чаттарында таралып жатыр. Сұмдық оқиға елордадағы 73 мектептің маңында, Нәжімеденов көшесінде болған. Ақ футболка, қала шалбар киген ер адам LRT құрылысының темір бағанына асылып қалған.
«102 арнасы Нәжімеденов көшесінің бойындағы құрылыс нысанында ер адамның асылып тұрғаны туралы ақпарат түсті. Полиция марқұмның жеке басын анықтады, ол 38 жаста. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның анық-қанығы анықталады», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.