Астанада қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде

Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2016 жылы ер адам топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген.

«Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде», - делінген хабарламада.