Ақтау маңындағы жол апатынан зардап шеккендердің бірі қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Дәрігерлердің мәліметінше, оның жүрегі тоқтаған

Фото: depositphotos.com

2008 жылы туған жасөспірім қыз, 13 қыркүйек күні «Автодром» аймағында болған жол-көлік оқиғасынан кейін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген еді. Ол 21 қыркүйекте жүрегінің тоқтауынан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.

«Реанимациялық шаралар жүргізілгенімен, қызды аман алып қалу мүмкін болмады. 2022 жылы туған тағы бір зардап шегушінің жағдайы өте ауыр», - деп мәлімдеді облыстық балалар ауруханасының өкілдері.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау маңында екі баланың жол апатынан зардап шеккені хабарланған болатын. Апат 13 қыркүйек күні кешке болған.

Көлік құралын басқарған тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану талаптарын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.