Павлодарда колледж студенті өз оқытушысына пышақ жарақатын салған

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

Фото: depositphotos.com

Павлодарда колледж студенті өз оқытушысына пышақ жарақатын салған. Полиция 2007 жылы туған бозбаланы ұстады. Оқыс оқиға туралы Павлодар облысының білім беру басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Павлодар колледжінің 2007 жылы туған студенті Павлов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында педагогті пышақпен жарақаттаған. Оқытушыға медициналық көмек көрсетілді. Бозбаланы құқық қорғау органының қызметкерлері ұстап, оның оқытушыға шабуылдауына не себеп болғаны анықталып жатыр», - делінген Білім басқармасының хабарламасында.

Зардап шегуші қазір №1 Павлодар қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.