Алтыналмас кенішіндегі апат: полиция тергеу жүргізіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Кеніште тау жынысы құлап, жұмысшы топырақ астында қалып қойған

Фото: depositphotos.com

Жамбыл облысындағы «АК Алтыналмас» акционерлік қоғамының тау-кен байыту кенішіндегі төтенше жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Бұл туралы Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында Полиция мен ТЖД қызметкерлері іздеу-құтқару операциясын жүргізді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Айта кетейік, кеше Жамбыл облысындағы кеніште тау жынысы құлап,  жұмысшы топырақ астында қалып қойған. Оқиға орнына жедел түрде апаттан құтқару жасағы келіп, іздеу-құтқару операциясы жүргізілді.