Іс материалдары сотқа жіберілді
Ақтаудағы 12, 13, 16 және 17 шағын аудандар арасындағы қиылыста жаяу жүргіншілер өткелінде жасөспірімді қаққан жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Toyota маркалы көліктің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қаққан.
«Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін мектеп оқушысы амбулаториялық ем алуға жіберілді. Жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 610-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жіберілді», - деп түсіндірді облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Еске салайық, 12 жастағы бала ауруханаға жатқызылды. Оқиға 2024 жылдың 16 қыркүйегінде Ақтаудағы 12, 13, 16 және 17 шағын аудандар арасындағы қиылыста орын алды.