Оның ішінде 20 бала эвакуацияланды
Түркістан облысының өрт сөндірушілері 50 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Төлеби ауданының Ленгер қаласында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің шатырының жануы орын алды.
ТЖМ күшімен баспалдақ маршымен 50 адам, оның ішінде 20 бала эвакуацияланды.
200 ш.м. алаңға таралған өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.