Астанада ұл бала сегізінші қабаттан құлап, мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаны полиция департаменті растады

Фото: istockphoto.com

Бүгін Астананың «Есіл» ауданындағы биік үйлердің бірінен ұл бала құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаны қалалық полиция департаменті растап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Есіл» ауданының полиция басқармасы сегізінші қабаттан құлап қаза тапқан баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», - деп хабарлады полиция департаменті.