Оқиға 6 маусым күні Қазыбек би даңғылында болған
Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota автокөлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге жол бермей, 2020 жылы туған қызды қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зардап шеккеннің денсаулығына жеңіл дәрежеде зақым келтірілді.
Сот отырысында азамат А. өз кінәсін мойындады.
«Әкімшілік жазаның түрі мен мөлшерін айқындау кезінде сот жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайларын, жол көлік оқиғасының салдарын ескеріп, азамат А.-ны көлік құралын басқару құқығынан тоғыз ай мерзімге айыру қажет деп санады», - делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.