Күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде
Ақтөбеде Полицияға 67 жастағы зейнеткер алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам Instagram қосымшасында қазақстандықтарға ұлттық мұнай компаниясына ақша салуды ұсынатын жарнаманы көрген. Онда мұнай мен газды сатудан тез пайда табуға уәде берген.
Зейнеткер екі жыл бойы туыстарын хабардар етпей, банктерден несие рәсімдеп, алаяқтарға 2,5 млн теңгеден астам ақша аударған.
«Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамды анықтау мен ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде», - делінген хабарламада.