Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын анықтады. Белгілі болғандай дүкен әкімшісі тауардың жетіспейтіндігін біліп, бірден полицияға қоңырау шалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy елордалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында полицейлер әйелдің жарты жылдай уақыт елордалық ірі супермаркеттердің бірінде касса қызметкері болып жұмыс істейтінін анықтады. Ол оңтайлы сәтті пайдаланып, өзінің жақын туыстарына кассадан тауарлардың көбісін тегін өткізген. Осылайша қаскүнем үш ай бойы дүкеннен жалпы сомасы 4 миллион 370 мың теңге көлемінде тұратын тауарды иемденіп үлгерген.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Астана қаласы Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді», - делінген хабарламада.