Қарағандыда ер адам жалаңаш күйінде көшеге шығып, жұртты шошытты

Автор: Azattyq Rýhy

Ер адам Қарағанды облыстық психоневрологиялық диспансеріне жатқызылды

Видеодан алынған кадр

Қарағанды облысының Майқұдық ауданында 38 жастағы ер адамның көшеге жалаңаш шыққаны тұрғындарды шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Патриотқа сілтеме жасап.

Қала тұрғындарын таңғалдырғаны тек ер адамның жалаңаштығы ғана емес, сондай-ақ оның суық ауа райына төзімділігі болды. Оқиға кезінде Қарағандыдағы ауа температурасы 10-12 градус шамасында болған.

Көшедегілер дереу полиция шақырып, оқиға орнына келген тәртіп сақшылары ер адамды ұстап, оның жеке басын анықтау үшін бөлімшеге жеткізді.

«38 жастағы ер адам Қарағанды облыстық психоневрологиялық диспансеріне жатқызылды», – деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.