Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
Бүгін, яғни 7 қыркүйек күні сағат 12:01-де Мұнайлы ауданы «Адайский» базасы, «Айгерім» мейрамханасы маңында жол бойында қоқыс тасушы автокөліктің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облыстық ТЖД сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 12:09-да жетті. Көлік толықтай өртеніп кеткені туралы хабарланды.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін көліктің 120 литрлік газ баллоны жарылып, жарылыс толқынынан 20 метр қашықтықта орналасқан «Ақ жол» дүкенінің терезелері сынды, сондай-ақ дүкеннің жарнамалық баннеріне зақым келді.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қосымша көмек қажет болмады.
Өрт сағат 12:14-те сөндірілді.
Оқиғаға Мұнайлы аудандық төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.