Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Алматыда жедел-жәрдем көлігі жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан екі әйелді қағып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 5 қыркүйек күні Райымбек пен Тілендиев көшелерінің қиылысында болған.
Krispi Almaty парақшасында жазылғандай, көлік бағдаршамның жасыл түсі жанғанда көшені кесіп өтіп бара жатқан әйелдерді қаққан.