Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында 19 жастағы жігіт мотоциклдің рөліне ие бола алмай, бағанаға соғылған жігіт мерт болды. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, оқиға 2 қыркүйек күні Бөрлі ауылында болған.
«Шамамен сағат 00.50-де 19 жастағы жүргізуші «Урал» мотоциклінің руліне ие бола алмай, бағанға соқтығысқан. Жол апаты салдарынан мотоциклде отырған 2005 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген ПД хабарламасында.