Қылмыстық іс қозғалды
Алматыда басына оқ тиген ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға Нұрлытау шағын ауданында тұрған автокөлік ішінде болған.
«Өз-өзіне қол салуға итермелеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталуда», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.