Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы
Бүгін, 2 қыркүйекте Степняк қаласындағы Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратында қысқа тұйықталу салдарынан өрт шықты. Бұл туралы Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәліметінше, өрт қосалқы бөлмеден шыққан.
«Оқиға орнына келген құтқарушылар ғимараттан 15 баланы эвакуациялады. Өрт жарты сағат ішінде оқшауланып, 3 шаршы метр аумақта толығымен жойылды. Өрттің алдын-ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы», - делінген хабарламада.
ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.