21 жастағы жігіт Астанадағы беделді ЖОО-на грантқа түсіруге уәде еткен
Астанада 21 жастағы жігіт грантқа түсіремін деген уәдемен ірі көлемде ақша алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қаскүнем грантқа аударуға көмектесемін деген желеумен, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында қылмыстық ниетпен ақша талап етіп, алдап кеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды», - деп хабарлады полиция департаменті.
Жас жігіт жасаған қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында ұсталған азаматтың осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.