Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды
Шымкент қаласында белгісіз ер адам тәртіп сақшысын қызмет атқару барысында пышақтап кеткен. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қыметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ПД мәліметінше, бүгін, 1 қыркүйекте жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында патрульдік полиция полкінің инспекторын арқасынан ер адам пышақпен ұрған.
«Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бабына сәйкес «Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері» қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - хабарламада.