Астанада металл сынықтарын қабылдайтын жерден ұрланған көлік табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: istockphoto.com

Елордалық полицияға 37 жастағы жергілікті тұрғын автокөлігін ұрлағаны туралы арзыбен жүгінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қылмыстық полиция қызметкерлері ер адамның істен шыққан көлігін техникалық қызмет көрсету орталығына жөндеуге қалдырғанын анықтады. Екі аптадан кейін ТҚКО қызметкері, көлікті металл сынықтарын қабылдау орнына тапсырғанын білген.

«Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Алматы ауданының полиция қызметкелері «Ford T22» маркалы автокөлігін еркін қол жеткізу арқылы ұрлаған 26 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Ол жасаған қылмысын мойындады», - делінген хабарламада.

Аталған қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы Полиция департаменті көлік иелерін көліктерін күзетілетін тұраққа қоюды және көлік ұрлығын болдырмау үшін, сондай-ақ көлік құралының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл жүйесін орнатуды ұсынады.