Жетісу облысында адамдар мінген көлік құмға батып қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Құтқарушылар көмекке келіп, азаматтарды эвакуациялады

Фото: ТЖМ

Жетісу облысының 112 қызметіне Сарқан ауданының Лепсі ауылында адамдар мінген көлік құмға батып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жолға шықты.

ТЖМ күштерімен автокөлік негізгі жолға эвакуацияланды.

Жеңіл көліктегі үш адам құтқарылып, олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.