Астанада автосервис жанып жатыр (ВИДЕО)

Автор: Молдатай Сымбат

Өрттің зардабы әлі есептелген жоқ 

Фото: видеодан скриншот

Астанада автосервис жанып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Техникалық қызмет көрсету станциясы Тәуелсіздік көшесінде орналасқан.

«Бүгін Алматы ауданының Тәуелсіздік көшесі бойындағы автокөліктерге қызмет көрсету орталығының екінші қабатында өрт орын алды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Тегтер: