Павлодарда 1 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Молдатай Сымбат

Ол ауруханаға жеткізілді

Фото: istockphoto.com

Павлодарда 1 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Балақай облыстық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, алған жарақат салдарынан баланың миы шайқалған.

«28 тамызда сағат 16:20-да облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне бесінші қабаттан құлау салдарынан зардап шеккен 2022 жылы туған бала жеткізілді. Бала жабық ми жарақатын алды, миы шайқалды», - деп хабарлады басқарма.

Бала травматология бөліміне жатқызылды.