Оның ішінде балалар да бар
Өскемен қаласында он қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтер жана бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер құтқару құрылғысының (капюшонның) көмегімен түтін аймағынан 35 тұрғынды құтқарды. Оның ішінде 7 бала эвакуациялады.
«Жиһаз бен заттардың жануы 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда», - деп хабарлады ТЖД.