Зардап шеккендер жоқ
27 тамызда сағат 10:40 шамасында Астана-Теміртау ақылы учаскесінің Жібек Жолы төлем алу пунктінде ГАЗель маркалы автокөлік өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төлем алу пунктінің мамандары бірден өртті байқап, оны ауыздықтау үшін шұғыл шаралар қабылдады.
Абырой болғанда жапа шеккендер жоқ.
Өрт қысқа уақыттың ішінде сөндірілді.