«400 мың теңге алып, 12 млн қайтарды»: Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы сотталды

Молдатай Сымбат

Сот үкімімен ол айыппұл төлеуге міндеттелді

«400 мың теңге алып, 12 млн қайтарды»: Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарушы сотталды
Фото: Azattyq Rýhy/Батыржан Беспаев

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы С. Төлегенов, осы ауданның қаржы бөлімінің басшысы Т. Әділбаев және жеке компания өкілі А. Шұбаевты соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, Әділбаев Мойынқұм ауылының жолдарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстарға жедел ақы төлегені үшін Шұбаевтан 600 мың теңге сомасында пара алған», - деп хабарлады Антикор.

Сот үкімімен Төлегенов пен Шұбаев 12 млн теңгеден, Әділбаев 26 млн теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.