Астанада Көшпенділер ойындарына арналған тағы бір мурал ашылды (ФОТО)

Автор: Молдатай Сымбат

Муралдың биіктігі – 4 метр 

Фото: Астана әкімдігі

Астанада Триатлон саябағындағы көпір маңын жаңадан салынған тағы бір жаңа мурал безендірді. Ол 8-14 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Муралдың биіктігі – 4 метр. Онда турнир кезінде жамбы атайын деп нысананы көздеп тұрған ер адам бейнеленген. Бұл сурет - ұлттық ойындардың басталғанының, абырой мен даңқтың, көшпенділердің күші мен дәлдігінің символы.

«Жамбы ату» - ұлттық спорт түрі, онда атпен шауып бара жатқан адам белгілі бір қашықтықта садақпен нысананы көздейді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл этникалық спорт түрлеріне арналған халықаралық спорттық жарыс. Оларға мәдени мұра мен көшпелі өмір рухынан сыр шертетін Орталық Азияның көшпелі этностарының халықтық ойындары кіреді.

Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Астанада өтетін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.