$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.08.2024, 21:54
Оқиғалар

Атырауда Жайыққа батып кеткен жасөспірімді біреу суға итеріп жіберген болуы мүмкін

Полиция дерек бойынша қылмыстық іс қозғады

Атырауда Жайыққа батып кеткен жасөспірімді біреу суға итеріп жіберген болуы мүмкін
Фото: istockphoto.com

Атырауда Жайық өзеніне батып кеткен 14 жастағы жасөспірімді суға итеріп жіберген болуы мүмкін. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік  желіде «Інімді бірнеше бала Жайыққа алдап апарып, терең тұсына итеріп жіберген. Оны итерген бала мойындады. Мен Жайыққа батқан баланың апасымын» деген аудиожазба тарады. Оның айтуынша, жасөспірім кеше, 21 тамызда шамамен сағат 20:00 шамасында өзенге батып кеткен.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Аталған дерек бойынша барлық жасөспірім полиция бөлімшесіне жеткізілді. Психологтердің қатысуымен жасөспірімдерден жауап алынып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Кешенді тергеу амалдары басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - делінген ПД хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары